Біздің қамқорлығымыздағы балалар Халықаралық мәдениет күнін атап өтті! Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына барды. Он үш ұл мен қыз флейта, скрипка, виолончель, ксилофон және фортепианодағы шебер орындауға тәнті болды.
ҚР Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрінің концертінде К. Байсейітова атындағы РММОМИ оқушы солистері өнер көрсетті. Бағдарлама жан-жақты және қызықты болды. Балалар Шопеннің, Бетховеннің, Лалоның, Хачатурянның және басқа да көптеген классиктердің туындыларын тыңдады. Концерттен кейін «АЯЛА» қайырымдылық қоры интернат тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар таратты. Шоколад жиынтықтарын «Эйр Астана» әуекомпаниясы шын пейілмен ұсынды.