Мойынқұм ауылының кішкентай тұрғындары емдік дене шынықтырумен барынша белсенді айналыса бастайды. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімдігі білім беру бөлімінің Психологиялық-педагогикалық түзету бөлмесінде оқып жатқан 48 бала «АЯЛА» қайырымдылық қорынан сыйлық ретінде спорттық жабдық алды. Сыйлықтардың тізімінде – швед қабырғасы, құрсаулар, доптар, гантельдер, уқалау білікшелері, кегльдер, бадминтон, секіртпелер, доптарға арналған сорғыш және басқалары. Жалпы құны – 230 700 теңге.
Мекемеде сал ауруы, психикалық ауытқулары бар, тұтығуға шалдыққан, жалпы сөз сөйлеу қабілеті дамымаған және басқа да аурулары бар балалар оқып жатқанын атап өткен жөн. Тәрбиеленушілердің жасы – туғанынан бастап 8 жасқа дейін. Олардың көпшілігі тұрмысы төмен жанұяларда тәрбиеленіп жатыр, арасында жетімдер де бар. Көптеген жылдар бойы Түзету бөлмесінің ұжымы балаларға кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетуде.