Қарағанды облысының Сарань қ. мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 5 облыстық арнайы мектеп-интернатының тігін шеберханасында жұмыс қызу жүріп жатыр! Енді балаларда жаңа тігін фурнитурасы бар. «АЯЛА» қайырымдылық қоры мекеме тәрбиеленушілеріне 62 құрал атауын тапсырды. Бұл – тігіншілерге арналған қайшылар, кесте төгуге арналған жиынтықтар, атлас ленталары, кеңсе түйреуіштері, капрон, фланель, шыт, сатин және тағы басқа материал. Жалпы құны – 599 650 теңге.
Бұл мекемеде тәртібі бұзылған балалар оқытылады. Балалар қоғамда барынша тез бейімделу үшін интернатта еңбек сабақтары өтеді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары үшін қосымша темір, ағаш және тігін шеберханалары, сондай-ақ теориялық дайындыққа арналған сыныптар ашылды. Қазіргі уақытта мектепте 5 – 18 жас аралығында 181 бала оқып жатқанын атап өтеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2159-news-kz#sigFreeId3e7f3afb6a