07-05-2016 Көңілді аренада

Алып аллигаторлар, ұлпа жүнді иттер, әуе гимнастары және көңілді сайқымазақтар.

Алып аллигаторлар, ұлпа жүнді иттер, әуе гимнастары және көңілді сайқымазақтар. Мәскеу цирк әртістері кішкентай алматылықтар үшін осындай алуан түрлі бағдарламаны дайындады. Көрермендердің қатарында біздің қамқорлығымыздағы балалар да болды. «Қазмемцирк» МКҚК оларға тегін билеттер берді. Ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері сахнадағы декорациялардың ауысуына қарап тұрды. Бұл ретте аренада «аса қауіпті» нөмірдің бірнешеуі болды. Мәселен, мәскеулік жануарлардың жаттықтырушысы барлық қатысқан адамдардың алдында аллигатордың аранына басын батыл салып,  өзінің өнерін көрсетті. Екі сағаттық көріністен соң «АЯЛА» қайырымдылық қоры интернаттың балаларына «Эйр Астана» әуекомпаниясы сыйлаған тәттілерді таратты. Бұл тамаша көріністі 30 ұл мен қыз көрді.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп