Олар ұзақ уақыт бойы қалалық кәріздің лабиринттерінде адамдардан жасырынып жүрді. Бір сәтте олар Нью-Йорк қаласын жауыз Шредерден құтқару үшін жерге көтерілді. Бәрі де «Ниндзя-тасбақалар» сүйікті фильмінің кейіпкерлерін біледі. Қазақстанда әйгілі фильмнің екінші бөлігінің премьерасы биыл жазда өтті. Оқиғаның қалай өрбігенін біздің қамқорлығымыздағы балалар – тұрмысы төмен балаларға арналған Алматы қалалық № 17 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де көрді. Үлкен экрандағы фильмді көрсетуді балалар үшін «АЯЛА» қоры және «Арман» киноорталығы ұйымдастырды. Біздің қордың қызметкері Элина өзінің туған күнін осылай ерекше атап өтуді ұйғарды. Киноны көруге 9-сыныптың отыз оқушысы келді. Сеанстың алдында олардың барлығы да сыйлығы бар пакет алды, онда сусындар, тәттілер және мектепке қажетті заттар болды. Фильм соңында батыл тасбақалар әлемді құтқарған кезде балалардың барлығы да қол соқты.