Аспаздар, темір ұсталары, шаштараздар, маникюр мамандары, ағаш ұсталары. Алматының № 15 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері таяу арада осындай қажетті мамандықтарды меңгере алады. Мекемеде темір шеберханасы, шаштараз бөлмесі және әлеуметтік-бағдарлану бөлмесі ашылды. Жобаның жалпы құны – 3 953 932 теңге. Балалар осы күні бас аспаз және кәсіби стилист ұйымдастырған шеберлік кластарына қатысты.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де өз ісінің кәсіби маманы бола алады. Олардың мекемесінде қыш шеберханасы ашылды. Шеберхана ашылмас бұрын ұстаз Мария Михайловна Санкт-Петербург қаласына біліктілігін арттыру курсына барып келді. Енді балалар тұрмысқа қажетті үй заттарын, кәдесыйлар мен әшекейлерді қуана дайындайды. Болашақта олар өз ісін ашуы да мүмкін. Жобаның құны 2 685 916 теңгені құрады.
Сонымен қатар, алтыншы интернатта гүл өсіру бөлмесі ашылды. Тиісті мүкәммал мен қолайлы жағдайдың арқасында балалардың өзін-өзін көрсетуге және шығармашылықты дамытуға барлық жағдай жасалған. Бөлмені безендіруге 941 691 теңге жұмсалды.
Барлық жобалардың демеушісі «Шеврон» компаниясы болды. Ал қажетті жабдықты сатып алумен «АЯЛА» қоры айналысты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2307-news-kz#sigFreeId0659c665be