Сөйлейтін қуыршақтар, басқару пульті бар машинкалар, ұялы телефондар, шана, коньки, конструкторлар – кішкентай қазақстандықтар нені ғана армандамайды. Баланың тілегін орындау өте жеңіл! Балалардың армандаған ойларының бәрі де әдемі открыткаларға жазылып, конверттерге салынған және жаңа жылдық шыршаларға ілінген. Кез келген ниет білдірген адам осындай конвертті алып, өзін шынайы Сиқыршы ретінде сезіне алады.
«АЯЛА» қоры «Аяз Атаға хат» жобасын жалғастырады. Биыл қатарынан алтыншы жыл біздің қамқорлығымыздағы балалар оған асқан қуанышпен қатысуда. Олардың арасында № 9, №10 мектеп-интернаттың, № 1 балалар үйінің, «Жанұя» мамандандырылған кешенінің және № 133 мектептің тәрбиеленушілері бар. Барлығы – 473 бала. Мерекелік конверттер ілінген әдемі шыршалар Алматы қаласындағы Saks Fifth Avenu дүкендерінде, Samsung компаниясының офисінде тұр. Сонымен қатар бізді Halyk bank, Oriflame, Шеврон, Morgan Lewis қолдады. Компаниялардың қызметкерлері Аяз Ата рөлінде болып, сыйлықтарды сатып алуға өз үлесін қосуға дайын. Дәстүр бойынша жыл сайынғы жобаның қорытындысын «АЯЛА» қоры желтоқсанның соңында шығарады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2346-news-rus#sigFreeIdce6738960e