Қатал Полиция қызметкері, өктем Патша, сүйкімді Ханқызы. Бір жерде осыншама ертегі кейіпкерлерін қайдан кездестіруге болады? Тек «Арман» кинотеатрында және әрине, Жаңа жыл қарсаңында ғана. «АЯЛА» қоры және демеушілер жүздеген алматылық баланың армандарын іске асырды. Басты Жаңа жылдық мерекеге дейін бір ай бұрын балалар Аяз Атаға тілектері бар хаттар жазды. Балалардың тілектері бар конверттер биыл Saks Fifth Avenue, Oriflame, ADD Capital компанияларының және Қазақстан Халық банкінің офистерінде орнатылған шыршаларды безендірді. Кез келген ниет білдірген адам конвертті таңдап, хатты оқып, онда балаға сыйлық алу үшін ақша салуға мүмкіндік алды.
Қыздар негізінен қуыршақтар сұрады. Бірақ олардың арасында жүк машинасын сұраған кішкентай қыз болды. Ал ұлдар дәрігердің, аспаздың, жас суретшінің кәсіби жиынтықтары туралы армандады. Әрине, балаларға дәстүрлі сыйлықтар да сыйға берілді – коньки, шана, ұялы телефондар. «АЯЛА» қорының «Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде тілегі бар ашық хаттарды 301 бала жазғанын атап өткен жөн. Олар - № 9 (сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған) және № 10 (тұрмысы төмен балаларға арналған) мектеп-интернаттардың, «Жанұя» мамандандырылған кешенінің, Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері және № 133 орта мектептің түзету сыныбының оқушылары.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2366-news-kz#sigFreeId2fd84be23b