18-01-2017 Арман жолында!

Үш қала. Үш мекеме. 90 бала және керемет көтеріңкі көңіл-күй! Ұлттық Олимпиада Комитеті...

Үш қала. Үш мекеме. 90 бала және керемет көтеріңкі көңіл-күй! Ұлттық Олимпиада Комитеті «АЯЛА» қорымен бірлесіп Алматы, Астана және Ақтөбе мектептерінің тәрбиеленушілері үшін киноға саяхат ұйымдастырды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен өткен фильмді Астанадағы және Алматыдағы олимпиада резервіндегі мектеп-интернат-колледждердің, сондай-ақ Ақтөбе облыстық мамандандырылған бокстан олимпиада резервіндегі балалар-жас өспірімдерге арналған спорт мектебінің балалары қарады.

«Арман жолында» атты фильм Санжар есімді ұл бала туралы оқиғаны баяндайды, ол боксер Василий Левитке қолдан жасалған алтын медальды тапсыруды армандайды. Сырға толы тілегін ойлап, Санжар шыр айналған оқиғаларға себеп болады. Фильмнің соңында, әрине, кейіпкерлердің барлық армандары шындыққа айналады. Фильмде балалар сүйікті спортшыларын: Василий Левитті, Александр Винокуровты, Данияр Елеусіновты, Дмитрий Баландинді және басқаларын көреді. Кино қарағаннан кейін ғажайыпқа сенгің келеді, ал фильм мына мәселеге үйретеді – ең бастысы тілегің және ұмтылысың болса, алынбайтын қамал жоқ!

 Барлық фотосүреттерді жүктеп