Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві мектеп-интернаты-колледжінің 36 тәрбиеленушісі «Спорт қозғалысы» атты көрменің ашылуына қатысты. Экспозиция спорт ардагерлерінің және ҚР ҰОК президенттерінің наградалары мен жеке заттарының жиынтығынан тұрады. Ол хронологиялық тәртіппен ресімделген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінің 25 жылдығына арналған. Көрменің ашылуына арналған салтанатты рәсімге қазақстандық спорт жұлдыздары Жақсылық Үшкемпіров, Бахтияр Артаев және Гюзель Манюрова қатысты. Болашақ спортшылар – мектеп-интернат-колледждің тәрбиеленушілері өздері табынатын жұлдыздардың қолтаңбасын алып, естелікке суретке түсті.
«АЯЛА» қоры балалардың көрмеге келуін ұйымдастыруға көмектесті. Оқушы Сабаз Бағдат айтқандай, ол отандық спортшылардың қызметін қадағалап, болашақта Қазақстанның туын спорттық аренада желбіреткісі келеді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2478-news-rus#sigFreeId3fae72822b