«Шеврон» компаниясының қызметкерлері сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 мамандандырылған мектеп-интернатындағы сенбілікте еңбек етті. Іс-шараны «АЯЛА» қоры ұйымдастырды. «Шеврон» басшылығын қоса алғанда, шамамен 50 адам, ағаштарды отырғызып, әктеуге, турниктерді, орындықтарды, футбол қақпасын, бордюрлерді бояуға құлшына кірісті. Сонымен бірге Biz-Ber компаниясы ұсынған 40 мүсін боялды, жаңа күрке, екі әткеншек-диван, вазондар орнатылды. Бүкіл бақ мүкәммалы мектепке өтеусіз негізде берілді. Орнатылған балалар алаңының құны және сенбілік өткізу 2 600 000 теңгені құрады. Мектеп басшылығы, мұғалімдер компанияға белсенді жұмысы үшін ризашылығын білдірді. Сенбілік тату-тәтті түскі аспен аяқталды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2501-news-kz#sigFreeIde7ebe05fe5
Барлық фотосүреттерді жүктеп 1
Барлық фотосүреттерді жүктеп 2