14-09-2017 Ақтау мен Атыраудағы «Эйр Астана» зияткерлік турнирлері

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Эйр Астана» әуекомпаниясымен әріптестікте Ақтау және Атырау...

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Эйр Астана» әуекомпаниясымен әріптестікте Ақтау және Атырау қалаларының «Дарын» мектеп-интернаттарында «Авиация» тақырыбына зияткерлік турнирдің бастамашысы болды. Бұл турнирлер оқушылардың білімдарлығын арттыруға бағытталды, сондықтан сұрақтар тек жолаушыларды әуетасымалдау саласында ғана емес, тұтастай алғанда білімдарлығын кеңейту саласында таңдалып алынды.

Бес адамнан тұратын төрт команда азаматтық авиация тарихы туралы танымдық және қызықты есептер шығарды. Осы зияткерлік турнирдің демеушісі болған «Эйр Астана» әуекомпаниясы биыл өзінің 15 жылдығын атап өтеді және жоғары сыныптар оқушыларының кәсіптік бағдарлануына едәуір назар аударуда, себебі олар әлеуетті тұрғыдан жоғары білікті қызметкерлер.

Білгірлерге арналған 2 турдың арасында көрермендерге арналған «шоколадты блицтар» өтті, онда әрбір дұрыс жауапқа тәтті шоколад батончигі берілді. Турнирлердің соңында жеңімпаздар командалары анықталды, олар «Эйр Астана» компаниясынан стильді рюкзактар, пайдалы жол жиынтықтарын және портативтік қуат құрылғыларын алды. Қалған қатысушылар да құр қол қайтқан жоқ, әрбір балаға заманауи түрлі түсті энциклопедия сыйға берілді.

«Эйр Астана» компаниясы зияткерлік турнирлерді өткізу дәстүрін жалғастырады. Таяу уақытта «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Эйр Астана» әуекомпаниясы зияткерлік турнирді Орал қаласында өткізуді жоспарлап отыр.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп