«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Apple World» компаниясымен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында «Игі істерді бірге жасайық» жобасының шеңберінде (4D) Apple World жеміс-жидек бағы және жаңа сығылған шырынды шығару бойынша шағын зауыт бойынша экскурсия өткізді. Балалар хош иісті, бірақ тез бұзылатын өнімді сақтау ерекшеліктерімен танысты. Іс-шараға Алматы қаласындағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған № 17 мектеп-интернаттың 30 тәрбиеленушісі, сондай-ақ блогерлер мен журналистер қатысты. Қонақтар тәтті палау мен кәуаптан, тәттілерден, жаңа ғана жиналған алмадан және жаңа сығылған шырыннан дәм татты. Балалар бау-бақшаны аралап, таза ауа жұтты, табиғи жаңа сығылған шырын өндірісін көрді, алманың түрлі сұрыптарынан дәм татты және бағбан кәсібінің қаншалықты қызықты екендігін түсінді.
«Apple World» компаниясы балалардың кәсіпке деген қызығушылығы үшін оларға өз бақшаларының хош иісті және тәтті жемістерін сыйға тартты. № 17 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері атынан «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Apple World» компаниясының басшылығына және ұжымына шын жүректен алғыс білдіреді! Біз осындай ынтымақтастығымыз көптеген жылдар бойы жалғасады деп үміттенеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2635-news-kz#sigFreeId75a22eaa89