Оралда дарынды балаларға арналған № 8 облыстық мамандандырылған мектептің 20 оқушысы ең білімді атағы үшін сайысқа түсті. Олар «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Эйр Астана» әуекомпаниясымен әріптестікте ұйымдастырған «Эйр Астана» зияткерлік турниріне қатысты.
Қатысушылар бес адамнан төрт командаға бөлініп, азаматтық авиация тарихы тақырыбында танымдық және қызықты есептер шығарды. Жеңімпаздар екі тур қорытындысы бойынша анықталды және «Эйр Астана» компаниясынан стильді рюкзактар және пайдалы жол жиынтықтарын алды. Қалған қатысушылар да құр қол қайтқан жоқ: әрбір балаға заманауи түрлі түсті энциклопедия сыйға берілді.
Бұрын осындай сайыстар Ақтау және Атырау қалаларында өткенін еске саламыз.
Жобаның демеушісі – «Эйр Астана» әуекомпаниясы – биыл өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Ұлттық тасымалдаушы жоғары сыныптар оқушыларының кәсіптік бағдарына көп көңіл бөледі, себебі олардан әлеуетті жоғары білікті қызметкерлерді көреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2648-news-kz#sigFreeId438cf8da24