4 қазанда бүкіл әлем жануарлар күнін атап өтеді. Осы күннің құрметіне аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған Алматы қалалық №15 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері хайуанаттар бағына экскурсияға барды. Тур «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
23 сынып оқушылары ғаламшарымызда қанша түрлі жануар өмір сүретінін, қандай жыртқыштар мен жуас аңдар болатынын, және жираф тәулікте қанша уақыт ұйықтайтынын білді. Сондай-ақ, биыл аю мен амур жолбарыстарына арнайы салынған қоршауларды тамашалады.
Екі сағат бойы балалар зообақ әкімшілігінің әңгімелерін тына тыңдап, өздері ұнаған жануарлардың қылықтары мен қозғалысын қайталауға тырысып көңіл көтерді. Балалар жираф, пума, мүйізтұмсық, аюмен және Аружан атты пілмен танысып қайтты.
1-сынып мұғалімі Сағадат Қасқарауова шаралардың балаларды тәрбиелеу үшін өте маңызды екенін айтты.
«Бізде оқып жатқан ауылдық жерлердегі балалар бар, хайуанаттар бағына баруға бәрінің мүмкіндігі бола бермейді. «АЯЛА» қорының аялауымен біздің мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері басқа да мәдени іс-шараларға, мысалы, Дмитрий Маликовтың концертіне, сондай-ақ кинотеатрларда мультфильмдер көруге бардық», – дейді мұғалім.
«АЯЛА» қоры Алматы қаласындағы хайуанаттар бағынның басшылығына экскурсияны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік жануарлар күні 1931 жылы Флоренцияда (Италия) өткен Халықаралық табиғат қорғау қозғалысының қолдаушылар конгресінде бекітілген еді. Ол адамзаттың назарын ғаламшарымыздың басқа да тұрғындарының проблемаларына бей-жай қарамауға шақырады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2653-news-kz#sigFreeIde7662e402f