Тұрмысы төмен балаларға арналған № 15 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері әскери оқу орнының курсанттары қалай тұрып жатқанымен танысты. Олар еліміздің ең үздік мамандандырылған лицейі – «Арыстанға» барды.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры 7, 8 және 9-шы сыныптардың 29 оқушысы үшін оқу орнына экскурсия ұйымдастырды. Балалар өздерінің құрдастары – болашақ әскерилердің қандай жағдайда оқитынын және жаттығу жасайтынын көрді. Қонақтар тактикалық сабақтар өтетін сыныптарда, спорттық және тренажер залында, кітапханада және лицей оқушыларының бөлмесінде, сондай-ақ тирде болды. Ол жерде ұлдар оқу автоматтарын үлкен қызығушылықпен қарады.
Экскурсия шеңберінде балалар 9-шы сынып лицеистерімен танысты. Олар, өз кезегінде, қонақтарға емтихан тапсыру тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.
«Арыстан» лицейінің психологиялық қызметінің жетекшісі, запастағы полковник Александр Коваленко оқу орнындағы мұндай экскурсиялардың сирек емес екендігін атап өтті. «Біздің есігіміз мектеп оқушылары мен қонақтарға әрдайым ашық. Жыл сайын 1100-1200 баладан кандидатураларды қараймыз. Олардың ішінде 80-ге жуық бала ғана оқуға түседі. Яғни, біздегі іріктеу өте қатаң», - деп түсіндірді ол.
Оқушылар лицейден түрлі көңіл-күймен шықты: біреуі автобусқа асықты, тағы біреуі әскери технкиамен суретке түсуге жүгірді, тағы біреулері Александр Коваленкодан бұл оқу оқу орнына түсу үшін қандай пәндерге баса назар аударудың қажеттілігі және тестілеудің қашан өтетіні туралы сұрастырып жатты.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Арыстан» ұжымына және полковник Коваленкоға танымдық экскурсия өткізгені үшін алғысын білдіреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2682-news-kz#sigFreeId58ef52a523