«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жаңа ойын алаңы пайда болды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры мекемеге 2,6 млн. теңге жалпы сомаға балаларға арналған «Мини» екі ойын жиынтығын, серіппедегі «Қайық» екі орындық әткеншегін және күрке-үйді сыйлады. Барлық жабдық 3 – 12 жас аралығындағы балаларға арналған. Суық ауа-райына қарамастан, қызыл жіп кесілгеннен кейін балалар ойын алаңында ойнады. «Жанұя» тәрбиеленушілеріне әсіресе күрке-үй мен серіппедегі әткеншек ұнады.
«Интернаттардың, шипажайлардың және балалар ауруханаларының аумағында балалар алаңдарын салу балалардың таза ауадағы серуендерін қызықты етеді, ал белсенді ойындар олардың үйлесімді дамуына әсер етеді. Ауруханалар мен шипажайларда бұл сауығуға айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді», – деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2718-news-kz#sigFreeId9d741b52a8