21-11-2017 Орта мектеп оқушылары «Арыстанға» экскурсияға барды

Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында «Арыстан» мамандандырылған лицейіне ...

Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында «Арыстан» мамандандырылған лицейіне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жолы онда аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тәрбиеленетін № 17 мектеп-интернатының 7-9 сынып оқушылары барды. Олар өздерінің құрдастарының оқу жайын көріп, болашақ әскерлермен әңгімелесіп, олардың режимі мен оқу процесі туралы және кадеттердің бос уақыттарын қалай өткізетінін сұрап білді.

Экскурсияға интернаттың 30 тәрбиеленушісі қатысты. Олар көрген нәрселеріне қызығып, кейбірі сонда оқуға түсуге ниет білдірді.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Арыстан» ұжымына және полковник Коваленкоға танымдық экскурсия өткізгені үшін алғыс айтады.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп