«АЯЛА» қайырымдылық қорының «Игілікті іс жаса!» флешмобына алматылық «Қайрат» қолдау көрсетті. Ойыншылар Чума Анене, Бауыржан Тұрысбек және Александр Соколенко Алматы қаласындағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 арнайы мектеп-интернатында шеберлік сабағын өткізді.
Белгіленген уақыттан бұрын балалар доптарды дайындап, бутсыларын киіп, жаттыға бастады. Футболшылармен танысқаннан кейін ұлдар үш командаға бөлінді. Әрбір командада қонақтардың бірі болды, ол ойын ережесін түсіндіріп, кейбір ойнау тәсілдерін көрсетті. Шағын шеберлік сабағынан кейін жолдастық кездесу болды. Балалар доп ойнап, «Қайрат» ойыншыларына пас берді, олардың алаңдағы кеңестерін тыңдап, мәз болды. Ойыннан кейін балалар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, футболшылармен естелікке суретке түсті және оларға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Балалар да, ересектер де алаңнан жақсы көңіл-күймен кетті. «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Қайрат» футбол клубына балаларға бөлінген уақыты үшін алғысын білдіреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2722-news-kz#sigFreeId5080d379db