25-12-2017 Мереке бізге келеді

Дәстүр бойынша демеушілер мен меценаттар мерекелердің қарсаңында балалар үйлеріне...

Дәстүр бойынша демеушілер мен меценаттар мерекелердің қарсаңында балалар үйлеріне сыйлықтар алып барады. Біздің қорымыз мереке алдындағы күндері барынша көп баланы қамтуға тырысады, біз сөйлеу, есту қабілеті бұзылған, ақыл-ойы кем балалар оқитын түзету интернаттарының тәрбиеленушілеріне барамыз. Денсаулығына орай мектепке бара алмайтын және үйінде білім алатын балалардың жеке санаты бар. «АЯЛА» қоры және Samsung компаниясы Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығынан, АРДИ-ден осындай балаларды шақырды. Оны 1991 жылғы желтоқсанда ортақ тағдыр тоғыстырған және өз балаларына көмектесуге ұмтылған энтузиаст ата-аналар тобы құрған болатын.

ҚМЭБИ университеті бізге әдемі акт залын ұсынды, онда 150 бала ата-анасымен бірге жиналды. Сахнада балалар үшін «Мұрат Мұтырғановтың «Жаңа жылдық майнкрафты» шоуының әртістері өнер көрсетті.Барлық көрермендер сахнадағы өнерге тәнті болды – керемет фокус көрсету, шебер жонглерлер, батыл акробаттар ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Әсем шоудан кейін балалардың алдына сыйлықтар тапсыру үшін Аяз Ата мен Қарша қыз шықты. Ең кішкентай балалар көп қызық айтып беретін және баламен тілдесетін интерактивті ойыншықтар алды. Одан сәл үлкен балалар интерактивті әліппелер алды. Әліппелер балаларға әліпби, сандарды, гүлдердің аттарын жаттауға және көңілді әндерге және дана мақал-мәтелдерге үйренуге көмектеседі. Бұл балалар қосымша сиқыр тректері бар машинкалар, ал қыздар сөйлейтін қуыршақтар алды. 7 – 12 жас аралығындағы балалар Angry birds жастықтарын және заманауи ермексаз жиынтықтарын алды. Ермексазбен жұмыс істеу бала қолдарының ұсақ моторикасын және сезім органдарын, қозғалысын дамытуға мүмкіндік береді. Ересектеу қыздарға нөмірлері бар картиналар, ал ұлдарға  Lego жиынтықтары табыс етілді. Бұдан басқа, әрбір бала кәмпиттер жиынтығын және тәтті гамбургер меню алды. Жобаның бюджеті 1 959 404 теңге болды.

Іс-шараға келе алмаған балалар сыйлықсыз қалған жоқ. Post Express компаниясының басшылығы арқасында 23 бала өздерінің жаңа жылдық сыйлықтарын үйіне дейін жеткізумен алды. Компания курьерлері жаңа жыл алдындағы күндері балаларға арналған сыйлықтарды тегін таратты.

Ата-аналар іс-шараны ұйымдастырушыларға осындай көп сыйлықтар және ертегідей шоу үшін зор алғыстарын білдірді. Ал, біз, өз кезегімізде, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына зор алғыс айтамыз, оның демеушілік көмегінсіз бұл іс-шара өткізілмес еді.  Іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен Post Express компаниясына және ҚМЭБИ университетіне ерекше алғыс айтамыз. Біз бәріміз бірлесіп тамаша мерекені ұйымдастырдық.

 Скачать все фотографии