1 114 баланың жаңа жылдық тілегін орындау үшін қанша ақша керек? «АЯЛА» қоры бұған 8 883 071 теңге жұмсады. Бұл ақша Жаңа жыл алдындағы мереке алдында өте қысқа мерзімде жиналды. Балаларға ғажайыпқа сенуге көмектесетін біздің барлық мейірімді сиқыршыларымызды атап өткіміз келіп отыр. Samsung Electronics, «Шеврон», «Эйр Астана», «СпецТрансЭкспресс», Oriflame, ADD Capital, Saks Fifth Avenue, Antlia ЖШС компанияларының басшылығына және қызметкерлеріне және жеке Анвар Кувандыковқа үлкен РАҚМЕТ. Кaspi bank, Qazkom, Қазақстан Халық банкінің, MAMMA MIA мейрамханалар желісінің, Starbucks кофейня желісіне, Keruen СОО-ның, Keruen City Astana, MEGA Park, Evricum ғажайыптар паркінің, Astana Marriot hotel, KFC жедел тамақтану мейрамханасының, АндерСон кондитерлік дүкені & отбасылық кафесінің және Swiss Perfection сұлулық орталығының ұжымына үлкен РАҚМЕТ. Сыйлықтарды үйге жеткізгені үшін Post Express және Garant Post Service курьерлік компанияларына үлкен РАҚМЕТ. Біз бәріміз бірлесіп ұлдар мен қыздар, сондай-ақ олардың ата-аналары үшін нағыз ғажайып іс жасадық.
Біздің «Аяз Атаға хат» атты таңғажайып жобамыз аяқталып қалды. Арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ үйінде білім алатын мүгедек балалар Аяз Атаға хаттар жазды. «АЯЛА» қоры бұл хаттармен қоғамдық орындардағы шыршаларды безендірді. Кез келген ниет білдірген адам конвертті таңдап, хатты оқып, оған балаға арналған сыйлыққа ақша салуға немесе өз бетінше балаға сыйлық алуға мүмкіндік алды.
Бұл жолы біз түрлі мекемелердегі балалардан 722 хат алдық:
- Алматы қаласындағы құлағы нашар еститін балаларға арналған №1 мектеп-интернат – 57 бала 1 – 4 сынып аралығы;
- Алматы қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған № 7 мектеп-интернат – 173 бала 1– 4 сынып аралығы;
- Есік қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған Республикалық арнайы мектеп-интернат – 76 бала 1 – 4 сынып аралығы;
- Бостандық ауданының үйде оқитын мүгедек балалары – 46 бала 6 – 13 жас аралығы;
- Түрксіб ауданының үйде оқитын мүгедек балалары – 69 бала 6 – 13 жас аралығы;
- Астана қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернаты – 140 бала.
- Алматы қ. мүмкіндігі шектеулі балалар – 150 бала 3 – 18 жас аралығында
- Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ науқастары – 11 бала 3 – 16 жас аралығында
Сонымен бірге Жаңа жылдық тосынсыйлар мен сыйлықтар түрлі себептермен Аяз Атаға хат жаза алмаған балалар үшін де дайындалды:
- Алматы қаласындағы МБАҚ (АРДИ) қамқорлығындағы мүгедек балалар – 150 бала;
- «Жанұя» мамандандырылған кешені – үйде білім алатын 65 мүгедек бала;
- Алматы қалалық балаларға арналған психоневрологиялық интернат-үйІ – 150 бала;
- Түрксіб ауданының мүгедек балалары – 67 бала 6 жасқа дейін және 14 – 17 жас аралығында.
Барлығы Жаңа жылдық іс-шараларға Алматы және Астана қалаларындағы 1114 бала қатысты.
Жаңа жыл алдындағы дәстүрлі болған науқан алтыншы жыл қатарынан өткізілді. Жобаның іске қосылған 6 жылдық қорытындысы бойынша мейірімді сиқыршының сыйлығын 2 493 бала алды. Біздің жобамыздың барлық қатысушыларына үлкен рақмет. Игі істерді жасауды бірге жалғастырайық!