«Жанұя» мамандандырылған кешенінде ақыл-ойы кем балалар оқытылады. Өздерінің денсаулық жағдайына орай барлық оқушы күнделікті мектепке бара алмайды. Үйінде білім алатын балалардың санаты бар, оларға мұғалімдер аптасына бірнеше рет келеді. Бұл балаларға Анвар Кувандыков, біздің қорымыздың жаңа жылдық жобаларымыздың тұрақты қатысушысы қамқорлық жасады. Анвар арқылы Antlia ЖШС 65 бала үшін жаңа жылдық сыйлықтар – ойыншықтар мен тәттілер алды. Қосымша ретінде үлкен кәмпит жиынтықтарын балаларға Samsung Electronics компаниясы тапсырды. Әрбір балаға сыйлықтарды үйіне дейін жеткізу Garant Post Service курьерлік компаниясының ықыласы арқасында мүмкін болды.
«Жанұя» мамандандырылған кешені тәрбиеленушілерінің және олардың ата-анасының атынан Анвар Кувандыковқа, Samsung Electronics және Garant Post Service компанияларының қызметкерлеріне балалардың өміріне көңіл бөлгені, көмектесуге ниеттенгені үшін алғыс білдіреді. Үйлеріңіз бақыт пен үйлесімге толсын, ойлаған армандарыңыз орындалсын. Бұл мерекеге жұмсалған шығындар бюджеті 97 500 теңгені құрады.
Түрксіб ауданының мүмкіндігі шектеулі 67 баласы да сыйлық алды, олар үшін Mamma Mia мейрамханалар желісі кәмпит жиынтықтарын берді. Бюджет сомасы – 100 500 теңге. Mamma Mia ұжымына қордың жобаларына 10 жыл бойы тұрақты түрде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық және береке-бірлік тілейміз!