Алматы қаласындағы № 2 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында цирк әртістерін үлкен қуанышпен және ду қол шапалақпен қарсы алды. Әртістерді және тұтастай алғанда жаңа жылдық іс-шараға мекеменің балалары мен тәрбиешілері асқан жауапкершілікпен дайындалды. Барлық балалар жарқыраған костюмдер киді. Бұл күні олар үшін сайқымазақтар, жаттыққан кептерлер, питон және жыл нышаны – ит қатысқан ойын-сауық бағдарламасын, сондай-ақ тәтті тағамдар дайындалды. Бұдан басқа, Кaspi bank қызметкерлері балаларға күнделікті өмірде көмектесетін арнайы дамытушы ойыншықтар сатып алды. Іс-шараның бюджеті – 1 606 000 теңге.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры жаңа жылдық іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін біздің тұрақты демеушілеріміз – Кaspi bank банкіне, MAMMA MIA мейрамханалар желісіне және АндерСон кондитерлік дүкенінің & отбасылық кафесіне шын жүректен алғыс айтады. Сіздерге мықты денсаулық және береке-бірлік тілейміз!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2779-news-kz#sigFreeId560a4d8662