Алматы қ. құлағы нашар еститін балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының 57 тәрбиеленушісінің тілектерін орындаған «Шеврон» компаниясының қызметкерлері мерекелік таңертеңгі іс-шараға қатысты. Балалар қонақтар және ата-аналары үшін музыкалық және би нөмірлерін дайындады. Балалар супергеройлардың және ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, би биледі, ортаға шығып айналып, тақпақтар айтты, одан кейін «Шеврон» компаниясы қызметкерлерінің қолынан сыйлықтар алды.
«АЯЛА» қоры «Шеврон» компаниясының басшылығына және барлық қызметкерлеріне өте әдемі әрі сапалы сыйлықтары үшін алғыс білдіреді. Балалардың тілектерін орындай отырып, өзіңді сиқыршыдай сезінеді екенсің. Біз «Шеврон» компаниясының барлық қызметкерлеріне денсаулық, береке-бірлік тілейміз. Сіздердің игі істеріңіз өздеріңізге жүз есе қайтсын!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2781-news-kz#sigFreeId1009176b85