21-02-2018 Ерекше қабылдау

Астана қаласының арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ) үйде оқытылатын...

Астана қаласының арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ) үйде оқытылатын оқушылары «Астана Опера» МОБТ-та экскурсияға барды. Себебі – Халықаралық экскурсовод күні.

Өнер ордасы ішкі жабдығының әдемілігі балаларды үлкен қуанышқа бөледі. Ерекше балалар кең фойе және театр залдары бойынша жүгіргісі келді. Мереке күнінің бас білгірі – экскурсовод бәріне үлгерді, ол жас балалардың және олардың ата-анасының сұрақтарына да жауап берді.

Театрда ерекше көңіл-күй орын алды, онда белгілі қазақстандық баритон, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші орындаушысы Сүндет Байғожинмен кездесу ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі опера әншісі табысының құпиясы қандай, қазір қандай репертуармен жұмыс істеуде, шет елде қандай жоспарлары бар – осы және басқа да көптеген сұрақтарды театр қонақтары қойды. Және, әрине, опера өнерінің жұлдызымен естелікке суретке түсті!

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Астана Опера» МТОБ басшылығына Астана қаласының АТМИ оқушыларына экскурсияны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді! 

 Барлық фотосүреттерді жуктеп