02-04-2018 Жас спортшылар балалар жазушысымен кездесті

Қ. Мұңайтпасов атындағы спорттық олимпиада резерві мектеп-интернатының тәрбиеленушілері...

Қ. Мұңайтпасов атындағы спорттық олимпиада резерві мектеп-интернатының тәрбиеленушілері балаларға арналған әңгімелер авторы Айгүл Кемелбаевамен кездесті.

Іс-шараны «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Меломан» кітап дүкені ұйымдастырды. Жазушы оқушыларға өзінің алғашқы әңгімесі және басқа да туындылары туралы айтып берді. Балалар көптеген сұрақтар қойды, ал кездесу соңында қолтаңба беру-сессиясы орын алып, кітап дүкенінен сыйлықтар тапсырылды.

Айгуль Кемелбаева – прозаик, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеист, аудармашы. Жиырмадан астам әдеби сыйлықтардың лауреаты, жазушыларға арналған президенттік стипендиялардың бірнеше дүркін лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері, Виктор Шнитке атындағы Халықаралық әдеби конкурсының лауреаты (I дәрежелі диплом), «Ресейлік немістердің әдебиеті туралы әдебиеттану жұмыстары» номинациясында «Алтын асық» халықаралық конкурсының лауреаты (Ресей, 2014).

Өзінің «Жетінші құрлыққа саяхат» атты алғашқы повесін Айгүл Кемелбаева 15 жасында жазды. Оның жұмысы Республикалық балаларға арналған жабық әдеби конкурсының II сыйлығына ие болды.

Ол «Жетінші құрлыққа саяхат» (1986 ж.), «Тобылғысай» (2001 ж.), «Мұнара» (2003 ж.), «Мәжнүн жүрегі» (2013 ж.), «Сөз хикмет» (2016 ж.) атты кітаптарын жариялады.

Оның сценарийлері бойынша түсірілген фильмдер: «Күнә», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесінің желісі бойынша (Ш. Айманов атындағы Қазақфильм, 2005 ж.), «Сұлтан Оразалин» (2013 ж.), «Сүлеймен Есқараев» (2012 ж.), «Жиембет жырау» (2014 ж.) деректі фильмдері.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Меломан» басшылығына және Айгүл Кемелбаеваға кездесуді ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыс білдіреді.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп