Халықаралық балаларды қорғау күні«АЯЛА» қайырымдық қоры 54 болашақ спортшыға мерекелік шара ұйымдастырды. Алдымен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернатының оқушылары Есіл өзенін Астана қалалық әкімдігі берген телпоходпен аралады.
Ал қаланың кемеден көрінбейтін көрікті жерлерін жасөспірімдер Visit Astana компаниясының екі сағатқа берген екі қабатты автобусымен тамашалады. Астананың қай жерінде қандай тарихи орындар мен әдемі ғимараттарын компанияның арнайы гиді таныстырды.
Ирландиялық The Leprechaun пабы балаларға түскі тамаққа дәмді бургерлер мен лимонад дайындаса, «Глобал Торг» компаниясы тәтті салқын шай ұсынды.
Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернатының оқушылары жас таланттарға бай. Балалар бұл жерге еліміздің барлық аймағында емтихан тапсырып, қатаң іріктеу нәтижесінде оқуға түседі. Бүгінде олар Қазақстанның намысын халықаралық бәсекеде қорғап жүр.
Жас спортшылар 2018 жылдың басынан бері 283 медаль ұтып алды. Олардың 105 - алтын, 81 – күміс, 97 – қола. Аталған жүлделерді Қазақстан мен шетелде иеленген. Биыл Азия Чемпионы атағына грек-рим күресінен Қошқар Дін-Мұхаммед, дзюдодан Шерзод Давлатов, бокстан Сағындық Тоғанбай мен Айбек Орал, көркем гиснастикадан Айбота Ертайқызы мен Сабина Бақатова, велоспорттан Данил Пронский мен Марина Курносова ие болды.
2017 жылы ұлттық және халықаралық бәсекелестерде интернат оқушылары 737 медал ұтып алған. Олардың 293-і - алтын, 238-і – күміс және 175-і қола.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2875-news-rus#sigFreeIda018b0f03a