02-08-2018 Есте қалатын кездесу

«Барыс» хоккей клубы Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларын өзінің...

«Барыс» хоккей клубы Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларын өзінің жаттығуына шақырды. 25 оқушы ата-аналарымен бірге сүйікті хоккейшілерінің ойынын тамашалады. Жаттығудан кейін балаларды мұз ортасына – ойыншылармен кездесуге шақырды. Барыс ойыншылары жеке берген сыйлықтар, спорттық қол алысу, сүйікті хоккейшілермен селфи – осының бәрі балалардың есінде мәңгі қалады.

«Барыс» ХК баспасөз қызметі балалардың арасында № 27 команда ойыншысы Брэндон Боченскидің фанаты бар екенін біліп, онымен кездесу ұйымдастырды. Баланың анасы хабарлағандай, үйге келгеннен кейін де Қуаныш әлі үлкен әсерде.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Барыс» хоккей клубына балаларды шақырғаны үшін үлкен алғыс білдіреді!

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп