Еліміздің ең үлкен және әдемі театры «Астана Опера» МОБТ-қа астананың арнайы түзету мектеп-интернатының 87 оқушысы барды.
Ерекше балаларға, ұстаздарын қоспағанда, ата-аналары да ілесіп жүрді. Экскурсия кезінде қонақтар театрдың бүкіл залын, гримеркаларды, жетекші солистердің костюмдерін көрді. Өнер ғибадатханасы жас қонақтарды таң қалдырды. Басты сахна көлемі, Камералық залдың оңаша жағдайы, театр мұражайы олардың есінде көпке дейін қалады.
Камералық залда балаларды тосынсый күтіп тұрды – музыкант олар үшін виолончельде ойнады. Бұл экскурсияның соңғы нүктесі болды.