Бүгін Халықаралық қайырымдылық күні атап өтілуде. Бұл күнді жұртшылықтың назарын қайырымдылық ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ волонтерлік және қацырымдылық қызметке қатысу үшін қоғамдық бірлестіктер мен бүкіл әлемдегі қызығушылық танытқан адамдарды көтермелеу мақсатында БҰҰ ұйымдастырған.
Сол күнге орай «АЯЛА» қайырымдылық қоры Есік қаласының көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында тактильді тақтайшалар орнатты. Мектеп 2013 жылы ашылған және қазірде сол жерде бүкіл Қазақстаннан 158 бала оқып, тұрып жатыр. Оларда түрлі көз аурулары (қылилық, амблиопия және т.б.), тіпті толықтай соқырлық бар.
Кіру тобының ашық таңбалануы, көз ауруы бойынша мүгедектерге жүру үшін басты бағдар болып қызмет ететін едендегі тактильді көрсеткіштер, Брайльдің қарпмімен қайталанған тактильді пиктограммалар және қоңырау шалу батырмалары балаларға мекемеде еркін қозғалуға көмектеседі. Жобаның құны - 314 500 теңге.