Биыл «АЯЛА» қорының «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасын «Астана Марафонның» 47 қатысушысы қолдады. Олардың барлығы корпоративтік жарысқа қатысты.
Өз көрсеткіштерін 42,2 км қашықтыққа 3 жүйрік және 10 км қашықтыққа 44 жүйрік жақсартты. Бұл – «АТФ Банк» АҚ-тың Private Banking – қордың бастамаларын тұрақты түрде қолдайтын ұжымның қызметкерлері. Жарыстың бүкіл ұзақтығында корпоративтік және салауатты ахуал орын алды. Бұл жерде түрлі жастағы адамдар жиналды. Жүйріктер қашықтықтарын еңсеріп қана қоймай, марафон өтіп жатқан алаңда орнатылған арнайы экраннан Геннадий Головкиннің жекпе-жек жарысын көруге де мүмкіндік алды.
«Астана Марафонның» арқасында «АЯЛА» қоры 1 000 000 теңге жинады. Қаражат Қарағанды қ. арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты үшін диагностикалық аудиометр сатып алуға жұмсалатын болады. Қор «Астана марафонының» ұйымдастырушылары – Гаухар Брамлей-Фентонға және Астана қ. әкімдігіне алғыс айтады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2946-news-kz#sigFreeId2753f0e380