Астана қ. арнайы түзету мектеп-интернатының 80 оқушысы Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталыққа барды. Балаларға атом энергиясы туралы жан-жақты айтып берді, атомның пайдаланылуы жөнінде танымдық роликтер көрсетті.
Бағдарламаның танымдық бөлігінен кейін оқушылар командаларға бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындай отырып бір-бірімен сайысқа түсті. Мысалы, су асты қайығын басқарып, қарсыластары командасының шабуылына қалмау керек болды. Балаларға ойын қатты ұнады. Тырысқаны үшін оларға Атом энергия жөніндегі ақпараттық орталықтан сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар балалар орталықтың арнайы құралдарының көмегімен өздерінің атомдық аясын өлшеді. Ал соңында естелікке селфи жасады.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры Атомдық энергия жөніндегі ақпараттық орталықтың басшылығына Астана қ. интернатының оқушылары үшін қызықты әрі пайдалы демалыс ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.