Алматы облыстық тұрмысы нашар отбасылардың балаларына арналған № 15 интернат «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп Дүниежүзілік нан күнін атап өтті. Мереке 2006 жылы Халықаралық наубайшылар және наубайшы-кондитерлердің бастамасымен құрылды және жыл сайын 16 қазанда атап өтіледі. Бұл күні бүкіл дүние жүзі бойынша нан өнімдерінің көрмелері мен жәрмеңкелері өткізіледі, нанды мұқтаж адамдарға бөліп беру қажет. Наубайшылар шеберлік сабақтарын өткізеді және олар өздерінің кәсіби құпияларымен бөліседі.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры бұл мерекеден тыс қалған жоқ. Қордың вице-президенті Жангелді Сәрсенов және 58 жылдық өтілі бар Светлана Викторовна Белых тоғызыншы сыныптардың оқушылары үшін шеберлік сыныбын өткізді.
Жангелді балаларды заманауи наубайханада жұмыс істеу қағидаларымен таныстырды. Балалар қауіпсіздік техникасы және нан пісірудің қыр-сыры туралы білді. Жас өспірімдер өнімдерді аппаратқа салу процесін және тәтті пісірілген нанды алу үшін құрылғыны реттеу тәсілін қызығушылықпен қадағалады.
Светлана Викторовна қыздар мен ұлдарды тәтті қамырды дайындау құпияларына үйретті. Олар ірімшік салынған нан, бәліш, тоқаштар мен шелпектер пісірді. Балалар нан өнімдерінің қосындыларын өздері араластырып, қамырды иледі, ал тоқаштар мен бәліштерді безендірген кезде балалардың қиялында шек болмады. Тағам әзірленгеннен кейін шай ішу ұйымдастырылды.
Біз осындай кәсіби бағдарланған жобалардың балалар үшін өте пайдалы екендігіне сенімдіміз. Ұлдар мен қыздардың қайсыбіреуі наубайшы, аспаз немесе кондитер мамандығын таңдау туралы ойлаған да шығар. Құны 70 000 теңгелік нан пісіру пеші және шеберлік сыныбына арналған барлық тамақ өнімдері қордың қаражатына сатып алынды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2966-news-kz#sigFreeId45a35d9f6f