Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған № 10 интернаттың 50 оқушысы Қапшағайда жағажай маусымын жапты.
Осындай оқиға үшін қайырымдылық қоры Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірге қызықты бағдарлама дайындады. Әуелі квест ұйымдастырылды, онда үш команда өкілдері Reviera демалыс аймағының аумағында тығылған тапсырмалар бар арнайы жолдауларды табуға тиіс еді. Оларды орындай отырып, балалар арнайы балл алды. Сұрақтар әр түрлі болды – географиядан, тарихтан және заманауи музыкадан. Сонымен қатар балалар ойын автоматтарынан нысанаға атудан жарысты, уақыт бойынша жарысқа түсті, тізе бүгіп отырды, жағажайда жасырынған көмбені іздеді.
Таза ауадағы екі сағаттық дене шынықтырудан кейін балалар үшін түрлі тағам дайындалған швед столы ұйымдастырылды. Жағажайдағы мереке аяқталды. Балалар батпырауықтар ұшырды. Көпшілігінің батпырауықты алғаш рет ұшырғанына қарамастан, барлығы да оларды басқаруды үйренді. Оқушылар үйлеріне шаршаса да, керемет көңіл күймен қайтты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2971-news-kz#sigFreeIddcd3b6dd65