Астана қ. Балалар үйінің 20 тәрбиеленушісі анимациялық фильмдердің пайда болу құпиясын білді. Олар QazArt жеке анимациялық студиясына барып, мамандардың жұмысына қызыға қарап, олардың әрекеттерін қайталауға тырысты.
Бүгінгі күні студия Balapan ТА тапсырысы бойынша «Дала ойындары» (Игры степи) атты көп сериялы мультипликациялық фильмін шығаруда. Экскурсия қатысушыларына барлығы да қызықты болды: нобайларын салу, сюжет кодын ашу, 3D-сурет салу, дыбыстау, монтаж және тағы басқа. Мұның бәрі әдетте экраннан тыс орын алады. Жеке студияның балалар үйінің оқушылары үшін тегін практикалық сабақтарды ұйымдастыруға ниет білдіргені қуанышты жағдай, себебі онда көптеген балалар сурет салады, ал бұл суретші-аниматор мамандығы үшін негіз болып табылады.
Тұтастай алғанда, еліміздегі анимациялық өндіріс индустриясы тез қарқынмен дамуда. Тек Balapan арнасы үшін ғана осындай студияның он шақтысы жұмыс істейді. Тұтынушысы кішкентай көрермендер болып табылатын телеарнаның көрермендері мен өнімінің сапасы жыл сайын жақсарып жатқанын айрықша атап өтеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2972-news-kz#sigFreeId1861579bba