28-02-2019 №2 интернатта үздік шахматшы анықталды

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатта шахматтан...

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернатта шахматтан жарыс өтті.

Турнирге 7 – 9 сыныптардың алты оқушысы қатысты. Сыныптастары ғана емес, ата-аналары да жанкүйер ретінде қатысты. Сайыс қатал болды. Өздеріне нұсқаушы болған Камила Рапагатоваға балалар одан не үйренгенін  көрсетуге қатты тырысты. Ерікті бірнеше ай бойы балаларға шахмат үйретіп, соңынан осы жарысқа төреші болды.

Алғашқы үш жүлделі орын иелеріне грамота мен сыйлықтар берілді. Қалған қатысушыларға диплом табыс етілді.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп