«АЯЛА» қайырымдылық қоры Талдықорған қаласындағы есту қабілеті нашар балалардың облыстық арнайы мектеп-интернатына проекциялық экраны бар жылжымалы проектор сатып алды.
Оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру кезінде есту қабілеті нашар балалар үшін көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдарының көмегі үнемі қажет. Өйткені есту қабілетінің нашарлауы есте сақтау, назар аудару, ойлау және сөйлеу секілді барлық психикалық процестердің өзгеше дамуына әкеп соқтырады. Аталған мекемеде 0-ден 10-ға дейінгі сынып оқушылары білім алады.