24-05-2019 Монтессори дамыту бөлмесі Есікте жұмыс істей бастады

Samsung компаниясының қолдауымен Есік облыстық көмекші мектеп-интернатта...

Samsung компаниясының қолдауымен Есік облыстық көмекші мектеп-интернатта Монтессори түзету-дамыту бөлмесі ашылды. Ол балалардың интеллектуалдық дамуын түзетуге көмектесетін ондаған әртүрі ойындық және дамытушы элементтермен жабдықталды және ол барлық жастағы оқушылар үшін қолжетімді.

Samsung компаниясы мен «Аяла» қорының қызметкерлері мектеп педагогтарымен бірге бірнеше ай бойы төменгі сынып оқушыларына да, жоғарғы сынып оқушыларына да ыңғайлы және айналысу қызықты болатын жабдықтарды іріктеді. Осының арқасында енді Есікте Алматы облысындағы үздік дамытушы сыныптардың бірі бар.

Мұнда бір мезгілде 3 мұғалім және 20 оқушы қатыса алады. Монтессори бөлмесінде олар дене түйсігі арқылы сезінуін дамытып, назар аударуға, әртүрлі белсенділікпен фокустануды жаттықтыра алады – және бұлардың барлығы қызықты, ойын түрінде өтеді. Педагогтар балаға материалмен жұмыс жүргізудің ұтымды және қарапайым тәсілін көрсетеді, олармен әрекет жасаудың үлгісін береді.

Түзету интернаттарының тәрбиеленушілерін Мария Монтессори педагогикалық жүйесі бойынша әлеуметтік бейімдеу көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда қолданылады. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға тұлғаның психофизикалық функцияларының дұрыс қалыптасуына және дамуына көмектеседі. Монтессори білім беру әдістемесі таным функцияларын, сенсорлық мүмкіндіктерін түзетіп, баланың жан-жақты дамуын және оның өз екпінімен даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Монтессори сыныбының материалдарын қолдану өте оңай және төмен интеллектуалдық дәрежесін ескере отырып балалардың жас ерекшеліктеріне сай келеді. 

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп