24-06-2019 Роботты техникадан Мәскеу олимпиадасының жеңімпаздары жазғы лагерде

Алматы қаласының естімейтін балаларға арналған № 1 мектеп-интернатының бес...

Алматы қаласының естімейтін балаларға арналған № 1 мектеп-интернатының бес тәрбиленеушісі Samsung компаниясының қолдауымен Шымкенттегі «Бір көлік шатқалы» жазғы лагерінде тамаша демалды.

Балалар «RoboPark роботты техника клубы» отрядында ауысымын өткізді. Олардың мұнда келуі кездейсоқ емес. Барлық бесеуі – осы жылдың ақпан айында Мәскеуде өткен роботты техникадан олимпиада жеңімпаздары. Толығырақ мұнда. Айтпақшы, олардың Мәскеуде жүріп-тұруын толықтай «Аяла» қоры төледі. 

Жазғы лагерьде балалар бірнеше роботты өз қолдарымен құрастырып, бағдарлама жазды. Олардың бірі - Робоит – команданың есепті жұмысы болды және оқытушылар мен осы лагерьде демалып жатқан басқа балалардың жоғары бағасын алды. Айтпақшы, роботты техника мен бағдарламалаудан басқа балалар бірнеше күн ішінде 3D принтерде жұмыс істеуді үйренді.

Шымкентке балалар ұшақпен барып, ал кері қарай поезбен оралуы тиіс еді. Бірақ Арыстағы оқиғаға байланысты барлық теміржол рейстері тоқтатылды. Лагерь директоры Абзал Алибеков олардың қайту сапарын жеке бақылауына алды. Жағдай анықталғанға дейін ол барлығын қонақүйге орналастырды, ал Gas Energy компаниясының Шымкенттегі өкілі Құдагелді Тұрғынбеков балаларды сенімді минивендермен және жүргізушілермен қамтамасыз етіп, балалар Алматыға дейін қауіпсіз жағдайда жеткізілді. Балалардың демалып, үйге аман-есен оралуына біз де қуаныштымыз! 

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп