02-07-2019 Интернат оқушылары барберлік кәсіби тәжірбиеден өтіп жүр

Әдемі алынған шаш, шашты сәндеу, стильді сыртқы келбет – бұл қазіргі қала адамы...

Әдемі алынған шаш, шашты сәндеу, стильді сыртқы келбет – бұл қазіргі қала адамы үшін өте маңызды белгілер, олар қайталанбас ерекше бейнені құрайды. Ал оларға барберлер – ерлердің шашын қысқартуға және сақалын қыруға маманданған шаштараз-стилистер көмектеседі. Нақ осылар жай ғана өзіне сенімді жігіттен – стильді және заманға сай жігіт жасайды. Олардың № 15 мектеп-интернат тәрбиеленушілерінен өздеріне оқушы қабылдауы ерекше қуантады. 

5 ай бойы балалар «Шеврон» компаниясының демеушілік көмегімен жарақтандырылған интернат базасындағы шаштараз-шеберханасында осы күрделі және сұранысқа ие кәсіптің қыр-сырын үйренді. Оқушылар танымал «Эллада» сұлулық салонының үздік шеберлерінен үлгі алды. Қазір балалар практикадан өтуде және осы салонның нақты клиенттеріне қызмет көрсетіп те жатыр.   

Шаштараз-шеберханасынан басқа, интернат базасында "Шеврон"  компаниясының қолдауымен әлеуметтік-тұрмыстық бөлме жарақтандырылды. Мұнда мектеп-интернаттың тәрбиленушілері тамақ дайындауға, үстел әзірлеуге, сондай-ақ тұрмыстық техниканы пайдалануға үйренеді. Осы жоба шеңберінде алған дағдылары балалардың ересек өмірінде көмегі тиетініне сенімдіміз. 
"Аяла" қоры «Жасөспірімдерді кәсіби бағыттау» жобасын іске асыруға серіктес болғаны үшін "Шеврон" компаниясының қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіреді.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп