Петропавл қаласында орналасқан мектеп-интернатта Солтүстік Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан келген 3-тен 18 жасқа дейінгі 110 бала оқиды және тұрады. Бұлар туғаннан естімейтін немесе неғұрлым ересек жаста есту қабілетінен айырылған балалар, көпшілігі мүгедектер қатарына жатады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры қазақстандық меценаттардың қаржылай қолдауымен мектеп-интернатқа заманауи «Унитон Форте» аудиосыныбын тарту етті. Жобаның жалпы бюджеті 4,7 млн. теңгені құрады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 87 мың бала* арасында 4,5 мың баланың есту қабілеті бұзылған, бұл біздің елдің жалпы бала санының 1,5% құрайды. Бұл ретте мүгедектігі бар балалар санының өскені байқалады, ол тек соңғы 7 жыл ішінде 2 пайызды құрады. 2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда білім алуда айрықша мұқтаждығы бар 147 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тіркелді, оларға есту қабілетінің әртүрлі деңгейде бұзылуы да жатады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернаты Қазақстанның арнаулы білім беретін көне мекемелерінің бірі болып табылады. 2018 жылы ол Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылымы академиясының нұсқасы бойынша «Үздік білім беру мекемесі-2018» номинациясында жеңімпаз атанды.
«Біздіңмектеп-интернатбиыл 75 жылдығынатапөтеді. Бүкілосыжылдарішіндепедагогикалықұжымныңқызметікереңдіктіңсалдарларынжоюға, естужәнесөйлеуқабілетіндамытуға, естубойыншамүмкіндігішектеуліжасадамдардымектепбітіргенненкейінөзбетіншеөмірсүругеәлеуметтікбейімдеугежәнедайындауғабағытталған. «АЯЛА» қорыныңкөмегініңарқасындаендібіздесоңғыүлгідегіаудиосыныпбар, олбалалардыоқытупроцесіннеғұрлымтиімдірекетеді. Бізмұндаестуарқылықабылдаудыдамытубойынша, сөзайтудықалыптастырубойыншафронтальдысабақтар, сондай-ақпәндікинтернет-олимпиадаларөткізудіжоспарлапотырмыз. Бізмұнынеғұрлымтиімдішешімдепсанаймыз, өйткені 2 – 12 сыныптараралығында барыншакөпбаласанықамтылатынболады. Бүкілұжыматынанбіздіңмектептіңбайырғыарманыніскеасыруғажәрдембергенбарлықжандарғаалғысымыздыбілдіреміз», - деді «Естуқабілетібұзылғанбалаларғаарналғаноблыстықарнаулы (түзету) мектеп-интернаты» КММдиректорыЖеңіс Төлешұлы Әбілмәжін.
Аудиосынып сабақ кезінде толық есту-сөйлеу аясын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда бір мезгілде 8 балаға дейін оқи алады. Оқушылардың жұмыс орындары кіріктірілген микрофоны бар пультпен жабдықталған. Мұғалім сабақ уақытында радиомикрофонның көмегімен сынып ішінде еркін қозғала алады. Оқушының пульті арқылы оның есту аппаратына немесе құлаққабына оқытушының микрофонынан, өз пультінің микрофонынан және сыныптағы барлық басқа оқушылардың пульттерінің микрофондарынан анық және сапалы дыбыс беріледі. Ол сонымен қатар дауыс жұмысының жарық индикаторымен жарақтандырылған. Бұл сөз ырғағын, екпінін, кідірісті, сондай-ақ сөздер мен сөйлемдерді бірге және бөлек айтуды бақылауға мүмкіндік береді. Егер қажет болса, оқушылардың пульттерінің біріне қосымша сенсорлық тірек үшін вибростимулятор жалғанады. Мұғалімнің басқару пульті оның материалды сабақ, дәріс режимінде беруді таңдауына, оқушының орнынан сауалнама алуға, сондай-ақ оқушылар үшін педагогтың дауысын сыныптың фондық шуылынан бөлуге мүмкіндік береді.
«АЯЛА» қоры аудиосыныпты «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасының шеңберінде жарақтады. Бұл жоба бүкіл Қазақстан бойынша түзететін сәбилер балабақшалары мен мектеп-интернаттарды балалардың есту, көру қабілетін жақсартуға, ой-өрісін дамытуға арналған арнайы жабдықпен жарақтандыруға көмектеседі. 2007 жылдан бері бұл жобамен Қазақстанның 20 қаласындағы 20 мыңнан астам балалар қамтылды. Қор ондаған білім беру мекемелеріне түзету және емдеу жабдықтарын берді, емдейтін дене шынықтыру кабинеттерін, интерактивті тақталар мен құмсалғыштар орнатты, түзететін логопедтік жабдықтар және балалардың денсаулығын нығайту және жан-жақты дамуы үшін қажетті көптеген басқа құрылғыларды жеткізді. Жобаның жұмысы жалғасуда, өйткені біздің еліміздегі түзететін білім беру мекемелерінің саны жыл сайын өсіп келеді.
* 2018 жылғы 31 желтоқсанға, «Курсив» газетінің сайтында жарияланды