Қазір біз балаларға өздеріне қолданбалы және шығармашылық кәсіптермен қатар, сондай-ақ неғұрлым маңызды кәсіптерді де игеруді ұсынамыз.
Біздің қордың шақыруы бойынша №17, 15, 10 мектеп-интернаттардың 7-8 сынып оқушыларынан 80 жасөспірім «Арыстан» мамандандырылған лицейінде экспурсияда болды. Онда балаларды әскери оқу орындарына оқуға түсуге дайындайды.
Лицей Алматы облысының табиғаты көркем тау бөктерінде орналасқан және келесі жылы өзінің 10 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде оның қабырғасынан 640 түлек мектеп бітіріп шықты. Олардың барлығы дерлік Қазақстанның, сондай-ақ Қытай, АҚШ, Түркия, Украина, Ресейдің әлеуетті құрылымдарының жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Көпшілігі офицер атанып үлгерді.
Лицейшілер спарталықтар сияқты, бірақ өте жайлы жағдайларда оқиды және өмір сүреді. Оларға бүкіл киім-кешек, спорттық форма, оқулықтар, 5 мезгілдік тамақ беріледі. Сонымен қатар мұнда олар би, бейнелеу өнері, музыкалық аспаптарда ойнау курстарына қатыса алады. Лицейдің әр қабатында әртүрлі тренажерлер және аумағында тамаша спорт алаңы бар.
«Бізге оқушылардың қалай өмір сүретінін көрсетті. Маған қатты ұнады, мұндағы тәртіп жақсы, сондай-ақ жақсы білім беретіні көрініп тұр. Сонымен қатар мен мұнда тұрудың өзі жайлы екенін байқадым. Міндетті түрде осы лицейге оқуға түсуге тырысамын», - деп № 17 мектеп-интернаттың оқушысы Балсұлтан Елікбай алған әсерімен бөлісті.
«Арыстан» лицейіне 8 сыныптан кейін кез келген оқушы түсе алады. Бұл үшін тест тапсырып, іріктеуден өтуі қажет. Жыл сайын мұнда тек 80 оқушы қабылданады. Конкурс та айтарлықтай жоғары. Мектеп- интернаттардың табысы аз немесе көп балалы отбасынан шыққан оқушыларына басымдық беріледі.
Алматыда мұндай балаларға «АЯЛА» қоры көмек көрсетуде. Біз олардың РФММ мұғалімдері өткізетін математика мен физика пәндері бойынша сабақтарына ақы төлейміз. Биыл осындай сабақтардың арқасында № 17 мектеп-интернаттың 2 оқушысы лицейші атанды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/3186-news-rus#sigFreeIda1c2378ad7