Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің қолдауымен Көкшетау қаласының №1 түзетуші-мектеп интернатына Монтессори бөлмесіне арналған қосымша жабдық табыс етті. Бастапқы кезде Монтессори жүйесі тек интеллектуалдық даму ерекшелігі бар балалар үшін ғана әзірленгенімен, бұл жүйе бойынша мектептерде актер Джордж Клуни, Wikipedia-ның негізін салушы Джимми Уэйлс және Google-нің негізін салушы Сергей Брин секілді танымал адамдар оқыған.
№1 мектеп-интернатта интеллектуалдық жеткіліксіздігі әртүрлі дәрежедегі 287 бала оқиды, оның 100-ден астамы – мүгедек балалар. Олардың барлығының ортақ проблемасы: сенсорлық дамудағы және қабылдаудағы қиындық. Баланың сенсорлық қабылдауының дамуы – бұл оның күрделі ойлау процестерінің қалыптасуы үшін маңызды кезең.
Сенсорлық қабылдау проблемасы дыбыс, иіс және түйсік арқылы әлемді тануға, түс, пішін, мөлшер және т.б. туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді. Осының салдарынан балалардың заттар туралы түсінігі үстіртін бола бастайды, олар сыртқы әлемнен қабылданатынды талдап, салыстыра алмайды, жүйелік іздеуді, әрекеттің сәйкес тәсілдерін де қолдана алмайды. Бұлардың барлығы қоршаған ортамен бейберекет, ретсіз және түсініксіз өзара әрекеттестікке әкеп соқтырады.
Бірнеше жыл бұрын Көкшетау қаласының №1 мектеп интернатында Монтессори бөлмесі ашылды. Монтессори жүйесінде шағын моториканы және түйсінуді дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Ұсақ заттармен анық, мұқият әрекеттер интеллекттің қалыптасуына септігін тигізеді, сөйлеудің, назардың, есте сақтаудың дамуына көмектеседі. Бұл жүйе бойынша сабақтарда заттарды сұрыптаумен, тізбелеумен, оларды пішіні мен сипаты бойынша сипалау арқылы ойлап табумен байланысты белсенді әрекеттер көп болады. Табиғи материалдармен — тастармен, бүршіктермен, кесінді ағаштармен, қабыршақтармен көп қимыл жасалады.
Бұл білім беру жүйесінің басты принципі «Мұны өзімнің жасауыма көмектес». Сондықтан барлық тапсырмаларды мұғалім өз мысалымен көрсетеді. Ал оқушы оларды өзі қанша рет қалайтын болса, сонша рет және толық өз бетімен жасайды.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Монтессори бөлмесінің бірнеше бөліктерін - сенсорлық даму, математика және тіл аймақтарын толықтыруға көмектесті. Бұл бөлме үшін 566 мың теңге сомаға барлығы 12 аталым арнайы жабдық берілді.
Мектеп-интернат педагогтарының пікірінше, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Монтессори бөлмесі үшін берген қосымша материалдар балалардың сенсорлық дамуына және түйсінуіне, олардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына және интеллектуалдық қабілеттерінің жақсаруына көмектеседі.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/3189-news-rus#sigFreeId41a56f228d