Qaganat қоғамдық тамақтану желісі және «АЯЛА» қайырымдылық қоры аспаздық шеберліктің екі айлық курсын аяқтады, ол облыстық № 1 балалар үйінде және облыстық №15 мектеп-интернатта өткізілді. Осы уақыт ішінде Qaganat бренд-шефі бұл оқу орындарының 20 жоғары сынып оқушыларын тез және дәмді ас дайындауға үйретті.
«АЯЛА» қоры, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың оқушыларын аспаз кәсібіне оқыту жобасы бойынша ынтымақтастығымызға өте қуаныштымын. «АЯЛА» қоры - біздің байырғы серіктесіміз, сондықтан оның сараптамасына сенемін. Егер біздің бағдарламаның түлектері кәсіпқой маман атанса және қоғамдық тамақтануда еңбек ететін болса, мен бақытты болар едім», - дейді «Qagаnat» желісінің бас директоры Чинара Чаймардановна Бугимбаева.
Бренд-шеф Марат Галеев 9-11 сынып оқушылары үшін 8 мастер-класс өткізді. Сабақтар балалар үшін 2,5-нан 3 сағатқа дейін аспаздық-мастер класс түрінде қызықты және түсінікті болып өтті. Марат Галеев курс аяқталғаннан балалар аса қиындықсыз өздері үшін өз бетінше дайындай алатын тағамдарды таңдап алды. Әрине, жасөспірімдер ұстаздың жетекшілігімен өздері жақсы көретін тағамды дайындауды үйренді.
2 ай ішінде балалар 4 салат дайындады, пиццаның 3 түрін пісіруді және хычиндер жасауды үйренді. Олар тауық етімен және етпен бәліш пісірді, өз қолдарымен «Болоньез» пастасын және тауық етімен фетуччини, тауық етінен дәмді стейктер, ірімшік қосылған котлеттер, көкөніс-гриль, тауық рулетін жасады және сазанды қақтады, италиялық бисквит торт пісірді және үйде жасалатын «Құс сүтін» дайындайды.
Ақырғы мастер-класта №15 мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары журналистермен, «АЯЛА» қорының қызметкерлерімен және Марат Галеевпен бірге фуршет тағамдарын дайындады, содан кейін барлығы бірге дәмін татып көрді. Әдеттегідей бренд-шеф дәмді әрі пайдалы тамақтың дұрыс және тез жасалуын ғана көрсетіп қоймай, фуршеттік столды дайындаудың айла-әрекетімен де бөлісті. Мастер-класс аяқталғаннан кейін балалар аспаздық курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.
Осы оқудың арқасында облыстық балалар үйі мен мектеп-интернаттың бірнеше жасөспірімі болашақта кәсіби аспаз болуды және осы бағытта білім алуды жалғастыруды шешті. Жоба аяқталғаннан кейін Qaganat облыстық балалар үйінің екі баласын оқытуды жалғастыруға дайын.
«АЯЛА» қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасын 6 жыл бойы іске асырып келеді. «Біз балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына болашақта нақты қандай кәсіп иесі болғысын келетінін түсінуге көмектесеміз. Сондықтан олар үшін біз ұйымдастыратын курстар мен сабақтар практикалық дағды арқылы болашақ жұмысы туралы түсінік алуына бағытталған. Qaganat желісінің иесі Чинара Бугимбаеваға біздің жобаға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл жасөспірімдер үшін олардың болашақ кәсібінің тамаша бастамасы болады деп үміттенеміз», - деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.