№4 соқыр және көзі нашар көретін балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты алаңында жарқын балалар алаңқайы пайда болды. Мектепте, көру жүйесінде әртүрлі ауырлықтағы ауытқулары бар 180 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Бұл алаңқайдың пайда болуына дейін, интернат алаңында қандай да бір ойын немесе спорт нысаны болған емес. Біз құм алаңқайы, әткеншек және кішкентай үй жасадық. Әсіресе, көру жүйесінде әртүрлі ауытқулары бар бүлдіршіндердің, жан-жағында жарқын және қанық түсті нысандардың болғаны абзал.
Құм алаңқайы, әткеншек және кішкентай үй, бұл тек қана алғашқы бастамамыз. Алдағы уақытта, интернат алаңында спорт және ойын кешенін құруды межелеп отырмыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/914-news-kz#sigFreeIde0cfebc61f