Бүгін Астана қаласындағы дамуларында интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатында «Алтын Қолдар шебері» атты жылда өтетін қалалық сайыс өтті. Бұл сайысқа жалпы білім алу мектептерінің мүмкіндіктері шектелген балалары мен түзету мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. «Алтын Қолдар шебері» сайысы балалардың таланттары мен шамаларын қолдап шығару үшін өткізіледі, және осындай балалараға өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашып дамытуға көмектеседі. Сайыс 4 шығармашылық шеберханасынан тұрады – кулинария, жалғастырып құру, сурет салу және кесте тігуден. Биыл сайыстың тақырыбы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналды.
«АЯЛА» қорының өкілі Ксения Филимонова жалғастырып құру секциясының қазылар алқасының құрамына шақырылды. Біздің өкілдің осындай дәрежеге жеткені біздің қордың үнемі Астана мен Ақмола облыстарының әлеуметтік балалық мекемелеріне көмек көрсетіп отыратынының арқасында болды.
Түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері «Алтын Қолдар шебері» сайысының қатысушылар мен қонақтары үшін бәріне ұнайтын соғыс жылдар өлеңдерінен құралған шамалы концерт дайындапты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/931-news-kz#sigFreeId6d73bacb8f