Бүгін мейрамханалық Palladium кешенінде The British-Kazakh Society Charity Afternoon Tea өтікізілді. Бұл Британ-Қазақ Қоғамының (BKS) Алматыда ұйымдастырған алғашқы қайырымдылық шай ішу болып табылды. Бұл шараның мақсаты BKS-ның Британия мәдениетті дәстүрімен таныстыру жөніндегі миссиясын атқару болды. Барлығына танымалы жағдай, англо-саксондық әлемде қайырымдылық дәстүрі өте қатты таралған. Қаражат жинауға ең неше түрлі шаралар себеп болып жатады – спорттық және әзіл-сыққақ сайыстары, костюм киілген және тақырыпты кештер де, және, әрине, көпке тараған британдық шай ішу дәстүрі де.
Шай ішу дәстүрі британдық стилінде өткізілді. Шайға дәстүрлі тіске басулар мен тәттілер қойылды. Көбі біле-білмеуі мүмкін, сағат бесте берілген шайға (5 o’clock tea) қияр негізінде жасалған тұздықтар құйылған кішкентай тауық еті мен басқа еттер салынған сендвичтер қойылады. Шай ішудің қонақтарына замануи қалпына келтірілген көпке таралған опера арияларын орындаған Mezzo тобы мен барлық жиналғандар үшін ағылшын және қазақ тілдерін үйретумен әзіл сабақтарын өткізген ОрыStar Show балалары ермек болып шықты. Жетекші Нұрберген Махамбетов жиналғандар үшін жалпы барлық әлемде және жеке Британияда шай ішу дәстүрі туралы викторина сұрақ-жауаптарын өткізді. Жеңімпазға сыйлық барлық әлемге танымалы Лондондық азық-түлік дүкенінің сүмкесі мен «Fortnum & Mason» шайы болды. Британ-Қазақ Қоғамының атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентон осы дүкеннен қайырымдылық сауда үстінде сатылған көп санда неше түрлі шай сораптарын әкеліпті.
The British-Kazakh Society Charity Afternoon Tea барысында «АЯЛА» қайырымдылық қоры дамуларында бұзылулары бар балаларға арналған Алматы қаласындағы арнайы (түзету) №6 мектеп-интернатындағы «Ойнап дамимыз» жобасын іске асыруға бағыттайтын 709 500 теңге жиналыпты. Біз осы мектептің сыныптарында сабақтар өткізуге арнап көрнекілі материалдардың арнайы білім беру жинақтары мен «Нумикон» әдісін сатып аламыз. Бұл әдіс те, көрнекілі материалдар да балалардың арифметиканы жаттауларын жеңілдетуге арналған, 1996-1998 жылдары Ұлы Британияда шығарылған. «Нумикон» жинақтары балалардың есептеу дағдыларын, логикалық ойларын дамытуға, спектрлардың түстер атауларын еске сақтап қалуға, ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.
Алғашқы қайырымдылық BKS шай ішуі өте көп қонақ адам жинаған жоқ, бірақ, солардың барлығы балаларға шынайы көңілмен көмектесуге келді. Британ-Қазақ Қоғамының шай ішуі күннен күнге дамып Астана, Алматы және Лондон қалаларында 6 жыл бойы қатарымен өтіп жатқан дәстүрлі күздік BKS жүгірістері сияқты қайырымдылық әрекеттегі маңызды және үнемі өткізілетін оқиға болып қалыптасар, деген үміттеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/932-news-kz#sigFreeId7fa928b78e