«Керуен» Сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстанның бокс федерациясы Кубогының ¼ финалы өтті. Бұл тек спорттық жарыс қана емес, сол сияқты қайырымдылық акциясы да болды. Оның мақсаты спорт интернатының тәрбиеленушілеріне арнайы киім-кешек үшін ақша жинау, сондай-ақ оны қажетті жабдықпен жабдықтау болып табылады.
«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» РММ-да 250 тәрбиеленуші оқып жатыр. Олар БЖСМ және мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорттық мектептерде алдын ала дайындықтан және іріктеуден өткен, спортқа ықыласы бар балалар. Шын мәнінде, олар – Қазақстан спортының болашағы.
Бокстан жарыстарды өткізу барысында 1 867 380 теңге жиналды. Бұл бюджеттің басым бөлігін Қазақстан бокс федерациясының жарнасы құрады. Бұл қаражат спорттық құрал-жабдықты – баскетбол және волейбол доптарын, шахмат пен дойбы, жүгіру алаңын, сондай-ақ Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері үшін спорттық костюмдерді сатып алуға бағытталатын болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/942-news-kz#sigFreeIdf8f93fc01d