Бүгін саңырау және құлағы нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернатында «Астана-Тараз бағытының ең үздік борттық ас мәзіріне жарыс» өткізілді. Бұл іс-шара «Эйр Астана» компаниясының осы қалалар арасындағы тұрақты әуеқатынасының ашылуына орай өтті.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Эйр Астана» әуекомпаниясымен көптен бері және жемісті ынтымақтасып жұмыс істеуде. Жарысқа қатысу үшін балалар сэндвичтердің 15 рецептін және әуе жолаушыларына арналған тағы да 15 десерт дайындады. Жарысқа қатысушылардың жасы 6 – 12 жас аралығында. Қазіргі уақытта интернатта 6 – 18 жас аралығындағы 153 адам оқып, тәрбие алуда. Жарыстың қазылар алқасында қор және әуекомпания өкілдері, сондай-ақ «Эйр Астана» шеф-аспазы болды.
Жарыс жеңімпаздары – 30 жас аспаз тәрбиешілерімен бірге Астана қаласына экскурсияға шақырту алды. «Эйр Астана» әуекомпаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры балаларға екі күндік экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Экскурсияға барлық қатысушылар тұрғын үймен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Экскурсия 14 – 16 қыркүйекке жоспарланып отыр.
Мектеп-интернат директоры Азата Әлқуатқызы НАЗАРАЛИЕВА «Біздің тәрбиеленушлер үшін кулинарлық жарысты өткізу қызықты оқиға болды, сонымен бірге жарыстағы жеңіс үшін жүлде ретінде еліміздің астанасы – Астанаға қызықты сапар болады, ал біздің тәрбиеленушілеріміздің көпшілігі тұрмысы төмен немесе жартылай отбасылардан болғандықтан, «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшағында ұшу сияқты сыйлық біздің қамқорлығымыздағы балалар үшін ұмытылмас оқиға болады», - деп айтты.
«Біздің әрбір жаңа рейсіміз – ол тек қана қосымша бағыт қана емес, сол сияқты адамдар мен қалалар арасындағы байланыстырушы желі. Біз мейірімді жүректерді байланыстырып, қолдауға зәру адамдарға көмек қолын созамыз. Мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін еш нәрседен мұқтаж сезінбеуге тиіс. Олар өз құрбыларынан ерекшеленбейді. Біздің акциямыз олардың өмірден өз орнын міндетті түрде табатынын анық білуіне арналған. Біз бүгінгі кездесудің үлкен достықтың бастауы болатынына сенімдіміз», - деп жалғастырды Белла Тормышева, «Эйр Астана» АҚ вице-президенті.
«Менің ойымша, осындай балалар сайысы біз өзіміз үшін ашқан қайырымдылық қызметінің тағы да бір жаңа нысаны болды. Интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне олардың тарапынан қандай да бір күш-жігерсіз көмек көрсету масылдықты ынталандыру болып табылады, ал балалар сыйақы алу үшін күш-жігер жұмсаған кезде бұл жағдай көшбасшылық қасиеттерді және бәсекелестік рухын тәрбиелейді», - деп атап өтті қордың жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді СӘРСЕНОВ.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/944-news-kz#sigFreeIddc2ae3b247