Астанада тұңғыш қайырымдылық «BKS Аir Astana marathon 2015» өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Британ-Қазақ Қоғамы (British-KazakhSociety, BKS) болды. Өткен жылдары арақашықтық жартылай марафондық болды, ал биыл межені көтеру және 42 км 195 метр қашықтықта нағыз марафонды өткізу туралы шешім қабылданды. Барлық спортшылар осындай ұзақ қашықтыққа жүгіруге дайын болмады, сондықтан ұйымдастырушылар 4 қашықтықта – 5 км, 10 км, 21 км 097,5 м (жартылай марафондық) және толық марафондық қашықтықта нәтижелер белгілеуді көздеді.
Бұл жарысты ұйымдастыруға Астана қаласының әкімдігі белсенді түрде қатысты. Марафонның «платина» демеушісінің мәртебесіне «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұйымдастырушы және қатысушылардың ресми тасымалдаушысы ретінде ие болды. Астанадағы марафонды сондай-ақ «алтын» демеуші EurasianResourcesGroup (ERG) және «күміс» демеуші KIOGE қолдады. Спортшыларды дайындауға WorldClass Астана фитнес-клубы және скандинавиялық жүріс мектебі Еуразия қатысты. Марафонға сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі, Самұрық-Қазына, Теміржолэнерго, ASU сауда маркасы бар RG Brands компаниялары, Спорттық жекпе-жек және спорттың күрес түрлері конфедерациясы, Haileyburyschool, ELLE журналы, RotaryClub және SWEETS кондитер ұйымы қолдау көрсетті. NE.FM радиосы бас ақпараттық демеуші болды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша соңғы жылдары жарыстар барысында жиналған ақша қорымыздың жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Биыл бұл қаражат Астана қаласының ақыл-ой қабілеті кем балаларға арналған арнайы (оңалту) мектеп-интернатындағы сенсорлық бөлменің жабдығына жұмсалды. Бұл мекемеде түрлі дәрежедегі ақыл-ойы және психикалық-дене дамуы бұзылған 325 бала оқиды, олардың арасында жетім балалар және әлеуметтік әл-ауқаты төмен, тұрмысы төмен отбасылардың балалары бар, 260 бала мүгедек болып табылады. Балалардың көпшілігі оқу жылы бойы интернатта тұрады. Сенсорлық бөлменің жағдайы көңіл-күй шиеленісін, ақыл-ой қозуын және дененің шаршап-шалдығуынан құтылуға көмектеседі. Сенсорлық бөлменің құны 2 810 000 теңге.
Ендігі кезде марафон кезінде ақшаның қалай жиналатынын түсіндіру қажет. Тіркеу кезінде әрбір қатысушы онлайн түрінде біздің қорымыздың шотына 20 фунт немесе 7500 теңге аударады. егер онлайн-банкинг мүмкіндігі болмаса, қатысушылар бұл соманы электрондық чипі бар нөмірді алғанда қаражат жинауға арналған боксқа салады, ол әрбір жүйріктің нәтижелерін тіркеуге мүмкіндік береді. Қайырымдылық бюджетін қалыптастыру көздерінің бірі марафонға қатысушы корпоративтік жүйріктердің жарналары болып табылады. Бокстарға ақшаның бір бөлігін жарысқа келген жанкүйерлер енгізеді. «BKS АirAstanamarathon 2015» өткізу барысында 4 155 593 теңге жиналды.
Астананың тұңғыш марафонына Премьер-министр Кәрім Мәсімов, қала әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Даму Банкінің Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев және басқа да адамдар қатысты. Барлығы марафонға 700-ге жуық жүйрік қатысты. Қазақстанның спортшыларын қоспағанда, марафонға басқа елдердің азаматтары қатысты. «Эйр Астана» Астана қаласынан Лондон, Париж, Франкфурт, Стамбул, Абу-Даби, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омск, Екатеринбург, Новосибирск, Ташкент, Бішкек, Үрімші және Пекин қалаларына тікелей ұшады, одан басқа Алматы арқылы басқа елдерден жапсарлас ұшу бар. Әуекомпаниясы марафонға қатысқысы келетін халықаралық жүйріктер мен әріптестерге тартымды туристік пакеттер ұсынды. Пакеттерде бару-келу, таңғы асты қоса алғанда қонақүйде орналастыру, кірме жарнасы, трансфер және шолу экскурсиясы көзделген.
Марафонның ең үздік жүйріктері ерлер арасында Юрий Егерь және әйелдер арасында Ханна Улотерс болды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылардан сертификаттар мен алтын медальдар алды. Марафонның платина демеушісі «Эйр Астана» компаниясы әрбір жеңімпазға кез келген бағыттағы екі адамға арналған әуебилетін сыйға тартты. Екінші орынды LeongChongWai және Юлия Асылғараева алды. WorldClass күміс жүлдегерлерге өзінің фитнес-клубына бір айға клубтық карталарды тарту етті. Яков Козлов және Қарлығаш Өмірбаева жүлделі үшінші орынға ие болды. Марафонның күміс жүлдегерлеріне арналған сыйлықтарды – туған күніне тортқа арналған сертификатты Sweets кондитерлік ұйымы тапсырды. Бұдан басқа, ELLE журналы марафонның әйелдер арасындағы үш жеңімпазына жылдық жазылымды сыйлады.
Ауа-райы да қуантты, күн ашық болғанмен ыстық болмады, ал бұл осындай ұзақ қашықтық үшін марафонға қатысушылар үшін өте маңызды табыстылық өлшемі. Біз «BKS АirAstanamarathon 2015» марафонының Бостон, Токио, Лондон немесе Нью-Йорк марафондары, сондай-ақ 42 километрге және 195 метрге беделді марафондар сияқты біртіндеп әйгілі болатынына сенімдіміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/945-news-kz#sigFreeId435d6d780e